Тұрсын Байтайұлы Құралиев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Кинематограф Тұрсын Байтайұлы Құралиев (6.01.1950 жыл, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Құлақшын бекеті - 01.10.2018, Алматы<ref>Қазақстандық театр және кино актері Тұрсын Құралиев өмірден озды</ref>) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1998). Құрмет орденінің иегері (2010).

Толығырақ

Шығармашылығы

  • 50-ден астам рөлдерде ойнаған. «Мосфильм», «Қазақфильм» киностудиялары фильмдеріне түскен.

«Айман-Шолпан» (Әлібек), М. Ауезовтың «Апуа (Арман), А. Таразидің «Жәкеп кісі (Шалгез), С. Сматаевтың «Зар Заман» (Барақ Сұлтан), С. Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» (Алтай) және т.б.

  • М. Кәрім «Ай тұтылған түн» -Ақ жігіт, М. Әуезов «Айман-Шолпан»- Әлібек, «Алуа» – Арман, Ғ. Мүсірепов «Ақан сері-Ақтоқты» – Жалмұхан, Ә.Әбішев «Нұрлы жаңбыр» – Мұхит, «Мәди» – Иман, «Алау жалды арғымақ» – Сәкен, У. Шекспир «Дуалы түнгі думан» – Деметрио, Ә. Тәжібаев «Күн сайын сағынамын» – Сәкен, Ә.Тарази «Жақсы кісі» және т.б көптеген бейнелерді жасаған.

Жеке өмірі

  • Үйленген. Жұбайы - Сейдәлиева Шәрипа Әбдісәметқызы (1955 ж. т.), Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің орыс тілі кафедрасының педагогы.
  • Қыздары - Құралиева Әсел (1977 ж. т.), Құралиева Жәмила (1982 ж. т.); ұлы - Байтаев Айдар (1981 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Мемлекеттік марапаттары

  • Қазақстан Театр қайраткерлері одағының мүшесі.
  • 1998 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі құрметті атағы берілді.
  • 2010 жылы елбасының жарлығымен Құрмет ордені мен марапатталды.
  • 2016 жылы Қазақстанның Еңбек ардарегі медалі
  • 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі берілді.

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Bio-stub