Тұрсынәлі Ырыскелдіұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тұрсынәлі Ырыскелдіұлы (13 қазан 1940 ж.т., ҚХР, Күнес ауданы Сорбұлақ мекені) - жазушы.

  • Шыңжаң инcтитутын бітірген (1961).
  • 1961 - 80 ж. Күнес аудандық орта мектепте әдебиет, қытай тілі пәнінің окытушысы,
  • 1980 - 92 ж. Күнес аудандық мәдениет үйінің бастығы.
  • 1992 жылдан Іле аймақтық әдебиет көркемөнершілер бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары.

Шығармалары:

Оншақты кітабы, 30-дан астам сын-зерттеу мақалалары, 3 телефильм сценариясы жарық көрген.

  • Тасқын. Трилогия. Ү., 1982(1-кітап), 1987 (2-кітап), 1989 (3-кітап);
  • Тау тағысы. Роман. Ү., 1995;
  • Өркен. Әңгімелер. Пек., 1982;
  • Қайта оралу. Повестер. Күйтің, 1985;
  • Шырғалаң. Әңгімелер. Пек,1996;
  • Бала көңілдің байлықтары. Повестер. Ү, 1997;
  • Мысалдар. Әңгімелер. Ү., 1987.

Марапаттары

  • Жазушының "Тасқын" атты трилогиясы 1989 ж. Қытайдың мемлекеттік баспасөз сыйлығының иегері.

<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Қосымша

  1. «Тасқын» трилогиясының екінші кітабы ҚХР-да мемлекеттік аз ұлт әдебиетінің таңдаулы кітабы сыйлығын, «Мысал әңгімелері» Шыңжаң өлкелік «Жаңа дәуір әдебиеті» сыйлығын алған. «Қара көлдің балықтары» повестер жинағы үшін ҚХР мемлекеттік «Тұлпар» әдеби сыйлығын, «Іле салтанаты» көркем телефильмі үшін ҚХР мемлекеттік ынталандыру сыйлығын алған.
  2. Қытайдың мемлекеттік бірінші дәрежелі жазушы кәсіби атағы берілген, сондай-ақ «Мәдениет саласындағы еңбегі сіңген қайраткер» белгісі табыс етілген.
  3. «Тамызық» атты мысалдар жинағы (2001, «Мерей»), «Ұлы көш» романының бірінші кітабы (2001, «Өлке»), екінші кітабы (2003, «Елорда») жарық көрді.
  4. «Іле салтанаты» көркем телефильмі экранға шыққан (1995). «Қос аққу» пьесасы және комедиялары қойылған.
  5. «Тасқын» (трилогия), «Кек» (әңгімелер) атты көп томдық шығармалар жинағының жеті томы жарық көрген.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті