Тұрсынжан Шапай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тұрсынжан Шапай Мұқанұлы (1.2.1957 жылы туған, Шығыс Түркістан)- әдебиет сыншысы, филолология ғылымның кандидаты (1994).

1979 жылы ҚазҰПУ-ды бітірген.

Жетістіктер

1979 - 1984 жылдары Алматы облысы Нарынқол ауданы О.Жандосов атындағы орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі

1984 - 1985 жылдары Қазақ теледидары Әдеби драмалық хабарлар редакциясында

1985 - 1986 жылдары "Жазушы" баспасында редактор

1986 - 1988 жылдары "Жұлдыз" журналында әдеби қызметкер

1988 - 90 жылдары бөлім меңгерушісі

1990 - 1998 жылдары Әдебиет және өнер институттында, аға ғылыми қызметкер

1999 жылдан Абайтану бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Шығармалар

Ғылыми-зерттеу еңбектері қазіргі қазақ лирикасы, лирикалық тұлға және абайтану мәселелеріне арналған. Жүзден астам ғылыми, әдеби сын және публицистикалық мақалалардың авторы. Публицистикалық және көркем прозалық шығармалары республикалық баспасөзде жарияланып келеді.

Марапаттар

"Жалын" журналы Т.Айбергенов атындағы сыйлығы (1986), Қазақстан Ленин сыйлығы (1990), Қазақстан Жастар одағы сыйлығы (1990), Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығы (2000) иегері. <ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}