Тұрсынбек Әбдібайұлы Нұрқалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тұрсынбек Әбдібайұлы Нұрқалиев - 1950 жылы 22 шілдеде Алматы облысының Қаскелең қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Нұрқалиев Әбдібай. Анасы - Нұрқалиева Сейсеп. Алматы мемлекеттік хореографиялық училищесін (1970) балет әртісі; Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Балетмейстерлік шеберлік» факультетін (2002) режиссер-хореограф мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2008 жылдан). 1970 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры балетінің жеке орындаушысы. 2000 жылдан бері - К. Байсейітова атындағы ¥лттық опера және балет театрының бас балетмейстері. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері. Діни көзқарасы - мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М. Ганди, Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанның әлемдік қауымдастық көшбасшыларының қатарына жылжуы». Хоббиі - шығыс жекпе-жегі. Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық әдебиет, фантастика, қазақ тарихы, өнер тарихы, детективтер. Үйленген. Жұбайы - Бөрібаева Ғалия Исмаилқызы (1950 ж. т.), К. Байсейітова ұлттық опера және балет театрының балет труппасының меңгерушісі. Қызы - Нұрқалиева Жәмиля Тұрсынбекқызы (1978 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub