Тұрсынбай, Балта Керей

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ТҰРСЫНБАЙ, Балта Керей<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref> (1707, Есіл өзен бойы – 1800, қазіргі Ресейдің Челябинск облысы Итиль ауданы) – батыр. Орта жүз батыры Ертісбайдың отбасында дүниеге келген. Тұрсынбайдың атасы Атық 17 ғасырда батыр әрі әулие атанған. Тұрсынбай 9 жасында ата-анасынан айрылып, жетім қалғанына қарамастан отбасы шаңырағын күйзелтпей, інілері Есілбай мен Толыбайға қамқорлық көрсеткен. Өзі Түркістан түбіндегі “Қарнақ” медресесінде білім алды. “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” жылдары інілері Есілбай мен Толыбай жау қолынан қаза тапты. Тұрсынбай жасақ құрып, жоңғарлармен күресте ерлігімен көзге түсті. Оның ерлігін ақын Дәстем Қарабасұлы жырға қосқан. 1750 – 81 жылдары қазақ әскерлеріне басшылық жасап, Абылай ханның сенімді қолбасшысы ретінде танылды. Сол тарихи кезеңде шиеленіскен қазақ-башқұрт қарым-қатынасын реттеуге елеулі үлес қосты. Бұқар жырау, Үмбетей, Тәтіқара, Жанкісі, т.б. жыраулардың мұраларында Тұрсынбай дың ерлік істері жайлы көптеген мәліметтер бар.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тұрсынбай, Балта Керей|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}