Тұрмахан Алтыруов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Алтыруов Тұрмахан (1896 жыл, бұрынғы Жамансыр болысына қарасты Қорқыт өңірі – 1938, Магадан облысы) – қоғам қайраткері.

Қармақшыдағы бастауыш мектепті бітіріп, Қарасақал болыстығында хатшы болған. 1920 – 23 жылы Қазалы уездік атқару комитетінің жауапты қызметкері, 1923 – 28 жылы Қызылорда округтік атқару клмитеті төрағасының орынбасары, 1928 – 31 жылы округтік «Қосшы» одағының төрағасы болып істеді.

1930 жылдардағы Қарақұм көтерілісіне қатысушылармен Әліби Тоқжанұлы Жанкелдин, С.Сейфуллинмен бірге келіссөз жүргізген. 1931–34 жылы округтік төтенше комиссияда жұмыс істеді.

1936 жылы қудаланып, 1938 жылы Магаданға айдалып, сол жақта қайтыс болды.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыыртқы сілтемелер

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub