Тұрмамбет Төлеғожаұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Төлеғожаұлы Тұрмамбет (1818 – 1916) – халық батыры. Ескелді атасынан тарайды. 1856 жылдың жазында Хиуаға барған сапарында Хиуа ханының Маңғыстау елін шабуға қол аттандырғалы жатқанынан құлағдар болып, суыт елге бет алады. Жолшыбай досы Балуанияз батырға соғып, екеуі 60-қа жуық сарбаз жинап, ұрымтал тұс Қараған-Босаға жерінде күші басым жаумен ұрыс салады. Жау жеңіліп, бірақ осы ұрыста Балуанияз бастаған көп адам ерлікпен қаза табады. Төлеғожаұлы содан кейін жыл сайын Балуанияз басына зиярат етіп, дұға бағыштап өтуді дәстүрге айналдырды. Соңғы сапарында бақилыққа аттанып, Балуанияздың қасына жерленген. Басында ескерткіш бар. Төлеғожаұлының бұл соғыстағы ерлігі ақын Қалнияз Шопықұлының «Балуанияз батыр» дастанында баяндалған.<ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тұрмамбет Төлеғожаұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}