Тұрлыбек Өтешұлы Ысқақов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Image001 1-150x225.jpg
Ысқақов Тұрлыбек Өтешұлы

Техника ғылымдарының докторы, пpофессор, халықаралық ақпараттандыру академиясының және Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының академигі, С.П.Королев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, КСРО космонавтика федерациясы Байқоңыр ғарыш айлағының ардагері, ғылым, техника және білім беру саласы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 2005 жылдың 12-ші желтоқсанындағы Президент жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының білім беру саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «Академик Ө.А.Жолдасбековтың туғанына 75 жыл» медалімен, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Инженерлік академиясына 15 жыл» белгісімен марапатталған 2008 жылдың қаңтарында ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатын және төсбелгісін алған, 2008 жылдың 25 қаңтарында «ҚР-ның ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және «Нұр Отан» ХДП-ның «Белсенді қызметі үшін» омырау белгісімен марапатталған, 2008 жылдың 17 қаңтарында «Қазақстанның құрметті инженері» деген атаққа ие болған, ҚР Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданының құрметті азаматы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың проректоры Ысқақов Тұрлыбек Өтешұлы 1948 жылы 26 қаңтарда Ордабасы ауданы, Темірлан селосында туған, ұлты қазақ. Қазақ химия–технологиялық институтын және оның аспирантурасын бітірген. 1980 жылдан бастап техника ғылымдарының кандидаты, Ұлы Октябрь Социалистік революциясының 50 жылдығы атындағы Киев политехникалық институтының жанындағы мамандандырылған Кеңесте 1980 жылдың 10 қарашасында диссертациясын қорғады. 1994 жылы Алматы қаласында Құрылыс жоба Ғылыми зерттеу институты жанындағы докторлық Кеңес 06.01. мамандандырылған Кеңесінде «Арнайы тағайындаудағы құрылыс конструкцияларын жылулық қорғау үшін жаңа материалдар мен бұйымдар» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Осы жылдары Тұрлыбек Өтешұлының ұйымдастырушылық және өз айналасына білікті, қабілетті және шығармашыл қызметкерлерді жұмылдыру қабілеті айқын көрінді. Т.Ө.Ысқақов Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтының Қызылорда филиалын ұйымдастыруға белсене қатысып, онда жеті жылға жуық декан қызметін атқарды. 1983 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша «Байқоңыр» ғарыш кешенінің нысандары үшін зерттеулер жүргізген «Кристалл» проблемалық лабораториясын ұйымдастырып, оны басқарды, содан кейін 1991 жылы осы лаборатория негізінде Арнаулы материалтану Ғылыми-зерттеу институтын ұйымдастыруға жетекшілік етіп, директор болып тағайындалды. Т.Ө.Ысқақов арнайы қасиеттері бар шыны кристалдық материалдарды алудың физика-химиялық негіздері саласындағы ірі ғалымдардың бірі, 172 ғылыми еңбегі, соның ішінде 1 оқу құралы және 4 монографиясы, 93 патенттері мен өнертапқыштық авторлық куәліктері бар. Ғалым Т.Ө.Ысқақовтың жүргізген зерттеулері экстремалды жағдайларда жұмыс істеуге арналған арнайы материалдар алуға бағытталған. Бұл материалдар өзінің физика-механикалық, термиялық және адгезиялық көрсеткіштері бойынша шетелдік аналогтарынан басым магний фосфаттын байланыстырушы жүйелермен бірге КСРО Қорғаныс Министрлігінің нысандарында «Байқоңыр» ғарыш кешенінің құрылыстарының жоғары темперетуралық газды-динамикалық әсерлерден қорғау үшін термиялық төзімді қаптамалар ретінде енгізіліп, жұмыс жүргізілді. Қайраткер Т.Ө.Ысқақовтың ғылыми және инженерлік тәжірибесі мол. Оның тікелей қатысуымен Қазақстан Республикасы патенттерімен қорғалған техникалық құрамында керамикалық плитканың бетон қоспасының апролактам қалдықтары бар. Т.Ө.Ысқақовтың жетекшілігімен және тікелей қатысуымен жүргізіліп жатқан зерттеулер өзекті, Қазақстан өнеркәсібінің негізгі салаларының дамуымен басым бағыттарына сәйкес, ал алынған нәтижелері бәсекеге қабілетті және ерекше практикалық маңызы бар, себебі олар ғылыми-зерттеулер нәтижелерін енгізу үшін істеп тұрған өндірістік қуаттарды қайта жарақтандыру мүмкіндігін ескеріп жүргізілген. Енгізілген жаңалықтың нәтижесінде ыстыққа төзімді, жоғары температураларға беріктігі негізінде термиялық төзімді бұйымдар алу технологиясы Қазақстанда шығарылмайтын шамотты жоғары температураға беріктік өндірісін ұйымдастыру Қазақстанның металлургиялық, энергетикалық және химия салаларын минималды шығындармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оңтүстік Қазақстандағы Құлантау кен орнының кендері негізінде кепкен вермикулит және жоғары температуралы жылу изоляциялық материалдар шығаруға технологиялық зерттеулер жүргізіліп ұсыныстар жасалды. Мұндай материалдар жылу изоляциясы, сейсмикалық қорғау үшін, плиталардың отқа төзімді толтырғыштары және металл конструкцияларының қамтамалары ретінде пайдалануы мүмкін. Профессор Т.Ө. Ысқақовтың үздіксіз ізденісінің нәтижесінде, эксперименталды зерттеулер негізінде түрлі минералдық материалдарды жылдам күйдіру, кептіру және салқындату технологиясы үшін тәсілдер мен аппаратуралық безендірілуі жасалды; өнеркәсіптің түрлі салаларын қайта жарақтандыру үшін ұсыныстар дайындалды. Жылдам күйдіру технологиясы бойынша өнеркәсіп қалдықтары да, мәселен жылу электр орталығы күлдері, шлактар өңделуі мүмкін, ал бұл аймақтың экологиялық қауіпсіздігін едәуір жоғарлатады. Жасалған қондырғылар мен тәсілдер Ресей территориясында енгізілген. Қондырғылар мен тәсілдер экологиялық қауіпсіз, қарапайым әрі ықшам, ал олардың өнімділігі дәстүрлі әдістерден 10-15 есе жоғары. Т.Ө.Ысқақовтың басқаруымен едәуір ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен шығармашылық қатынастар орнатылды. Көптеген жылдар бойы осы министрлікпен келісім-шарттар бойынша және ҚР Қорғаныс министрлігінің мүддесіне сай зерттеулер жүргізілуде. Аталған зерттеулерді орындау барысында алынған нәтижелер: Қазақстан Республикасының шикізат ресурстары негізінде химиялық ток көздерін өндіру үшін негізгі материалдар алу технологиясы жасалды. Алынған материалдар мен реактивтер негізінде жаңа сілтілі ламельсіз никель-кадмий аккумуляторларын өндіру технологиясы жасалды. Жергілікті өсімдік шикізаты негізінде биологиялық белсенді заттарды электрлі-химиялық синтездеу бойынша зерттеулер жүргізілуде. Ісікке қарсы белсенділігі бар заттар; радиация зардаптарының алдын-алуға және емдеуге арналған биологиялық белсенді заттар синтезделді. Алғашқы дәрігерлік-биологиялық зерттеулер синтезделген қосылыстар зиянсыз және өте тиімді екендігін көрсетті. Жоғары температуралық процесстердің энергия сыйымдылығын фундаменталды зерттеулері негізінде және химиялық әдістер мен силикаттық технологияларды пайдалану арқылы Т.Ө.Ысқақовтың басшылығымен жаңа бағыт – силикатты және қиын балқитын металл емес материалдарды золь-гель синтездеу дамып келеді. Осы негізінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің кәсіпорындарында ендіруге ұсыныстар жасалды. Орындалған зерттеулер нәтижесінде танктер мен БТР заттары үшін желінуге төзімді материал жасалды, жаңа материалдан жұмыс қабатының бекуімен танктің қозғалғыш бөлшегінің құйма технологиясы ұсынылып, Қазақстан шикізат ресурсы негізінде пісірілген және балқытылған электродтарды дайындау технологиясы жасалды. Әскери техника нысандары мен құрылыстарды радио- жасыру үшін арнайы қамтамалар алу технологиясын жасау зерттеулернің жаңалығы мен маңызы өте зор. Зерттеулер нәтижелері Бухарестте өткен халықаралық симпозиумде, Кеңес - Үндістан «Эксперименталды минерология» симпозиумында, Париждегі халықаралық симпозиумда баяндалды. Жұмыс Алматыда өткен әскери техника конвенциясы көрмесінде көрсетілді. Аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын «Байқоңыр» ғарыш кешенінде ендіру кезінде ең ірі техника экономикалық нәтижелер алынды. «Буран-Энергия» ғарыш кешенін ұшыру бағдарламасын жүзеге асыруға қатысқаны үшін Т.Ө.Ысқақовқа С.П.Королев сыйлығының лауреаты атағы берілді. Шлакты ситалл плиталарын Чернобыль аймағында радиоактивті сәулеленуден қорғау үшін тиімді материал ретінде сынау нәтижелері жоғары бағаланды. Т.Ө.Ысқақов Министрлер Кабинетінің үкімімен бекітілген жоғары температураға төзімді өнеркәсіпті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жасауға қатысқан, Оңтүстік Қазақстан ауданының кәсіпорындарында ғылым мен техника жетістіктерін ендіруге бағытталған «Шымкент» аймақтық бағдарламасын жасаудың және жүзеге асырудың ұйымдастырушысы және басшысы, Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігіне бекітуге ұсынылған «Қазақстан-Ғарыш» бағдарламасын жасаудың ұйымдастырушысы. Ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша Т.Ө.Ысқақовтың «Ғарыш кешендерінің құрылыстары үшін беріктігі жоғары термиялық төзімді материалдар мен бұйымдар» (Алматы, Әуе-ғарыш агентінің баспасы, 250 бет), «Шыны кристалдық фосфатты байланыстырғыш жүйелер негізіндегі «жоғары температураға төзімді бетондар» және «Құрылыстар мен конструкцияларды жылулық қорғау» монографиялары жарық көрді. Т.Ө.Ысқақовтың жетекшілігімен 2 докторлық және 6 кандидаттық диссертация қорғалды. Ысқақов Т.Ө. өзін жоғары оқу орны мен ғылыми ұжымдары ұйымдастырушы қабілеті бар жоғары білікті маман және Қазақстандағы силикат ғылымына елеулі үлес қосқан ғалым ретінде көрсете білді.

Дереккөздер

<references/>

1. Қазақстан ғалымдары кітабы, 2011ж.

2. ↑http://ardaktylar.kz/