Тұрдибуви Аблизова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тұрдибуви Аблизова. 1950 жылы 4 наурызда Алматы облысы ¥йғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылында туған. Ұйғыр. Қ. Қожамияров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры жанындағы актерлік студияны бітірген (1966), театрда актриса. Ұйғыр, өзбек, қазақ және орыс тілдерін біледі. 1966 жылдан бері - Қ.Қожамияров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрында актриса. 2002 жылдан бері - №153 гимназияда көркем сөз оқу оқытушысы болып қосымша жұмыс атқарады. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Ерен еңбегі үшін» (2005) медальдарымен марапатталған. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экономикалық тұрақтылық». Хоббиі - би. Сүйіп оқитын әдебиеті - поэзия. Тұрмыста. Жұбайы - Садиров Юсуф. Ұлы - Садиров Руслан; қызы - Садирова Малика.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub