Тұрақты магниттер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тұрақты магниттер туралы

Тұрақты магниттер немесе қарапайым магниттер-магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелер.Мысалы,табиғи магниттік теміртас(магнетит). Тогы бар шарғының ішіне шыныққан болаттан жасалған өзекше орнатып,осындай магнит алуға болады.Токты ажыратқаннан кейін ол темір өзекше сияқты магниттелуін жоймайды. Магниттің әр түрлі бөліктері әр түрлі магниттеледі.Ең көп магниттік тартылу күші магниттік полюстер деп аталатын магниттің ұштарында.Оның екі,магниттік қасиеттері бойынша бір-біріне ұқсамайтын полюстері бар:солтүстік (N) және оңтүстік (S).Ал оларды қосатын түзу магнит тілшесінің осьі деп аталады. Егерде магнитке тағы бір магнитті жақындатсақ,онда олар айналып,бір-біріне қарама-қарсы полюстерімен қарап тұрады.Мысалы,магниттің солтүстік полюсі екінші магниттің солтүстік полюсінен тебіліп,оңтүстік полюсіне тартылады және керісінше. Магнитке барлық заттар бірдей тартылмайды.

Дереккөздер

1.Физика , 8 сынып 2007ж Атмұра баспасы.