Тұраш Әбеуов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Тұраш Әбеуов — "Қазақтың 1000 күйі" жинағына енген күйлердің авторларының бірі, күйші.
Өмірбаяны
Ол 1922 жылы Жамбыл облысындағы Жамбыл ауданына қарасты Қыршынды деген жерде дүниеге келді. Жасынан Жетісудің ән-күйін, әсіресе, Байсеркенің күйлерін сіңіріп өскен ол 1938 жылы Алматыдағы Театр училищесіне оқуға түсіп, 4-курстан әскерге шақырылады.Соғыстан кейін Смоленскідегі әскери училищені бітіріп, 1958 жылы капитан шенімен демалысқа шыққанша әр түрлі жерде әскери-саяси қызметтер атқарады.
Шығармашылығы
Тұраш Әбеуовтың "Жастық шақ", "Жаралы жауынгер", "Қайдасыңдар,достарым", "Мәншүк", "Мәңгілік оттар", "Қуаныш" атты күйлері белгілі.<ref>"ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ 1000 КҮЙІ" антологиясы - EL production company, Ltd, 2011 жыл.</ref>