Тұратай Иісова
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Театр қайраткері Тұратай Иісова (15 қазан 1931, Қарақастек ауылы, Жамбыл ауданы, Алматы облысы, Қазақ АКСР, РКФСР, КСРО – 14 шілде 1994, Семей) – актриса, Қазақстанның халық әртісі; 1960 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі).
Өмірбаяны
- Қазақ драма театры жанындағы театр студиясын бітірген (1953).
- 1956 жылдан өмірінің соңына дейін Семей музыкалық драма театрында актриса болып қызмет атқарды. Театр сахнасында Иісованың жасаған бейнелері ірі де сан қырлы. Солардың ішінде:
- М.Әуезовтің “Қара Қыпшақ Қобыландысында” – Қарлыға
- “Еңлік-Кебегінде” – Еңлік
- “Абайда” – Әйгерім,
- Мүсіреповтың “Ақан сері – Ақтоқтысында” – Ақтоқты
- “Қозы Көрпеш – Баян-сұлуында” – Мақпал
- Ш. Айтматовтың “Жәмиләсында” – Жәмилә
- “Ана-Жер анасында” – Әлиман
- Б.Майлиннің “Шұғасында” – Күлзипа
- А.Штейннің “Толасында” – Тата Нерадова
- Д.Исабековтің “Әпкесінде” – Әпке, т.б. көптеген классик., трагедиялық, комедиялық, психол., драм. бейнелер бар. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>
Қызы - режиссер Бахтиярова Гүлбарам Мақсұтқызы.<ref>Бахтиярова Гүлбарам Мақсұтқызы Үлгі:Webarchive</ref>