Түрікпенбай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Түрікпенбай (1852 – 1920) – палуан. Тобыштың Шегем, Меңдіғұл атасынан. Қоныстас отырған әлім, табын руларының ас, тойларында талай рет күреске түсіп, адайдың аруағын асырғандардың бірі. Ол құдыққа түскен түйені бір өзі шығаратын, айдалада келе жатып, астындағы атын апан құдыққа шылбырымен саумалап түсіріп, суарып, мініп жүре беретін зор тұлғалы қайрат иесі болған. Жасы егде тартқанда Бесқала өңіріндегі бір алқалы жиында түрікменнің атақты Қоңыраулы палуанын жығып, қазақтың намысын қорғаған. Алшын Меңдалыұлының «Адай шежіресі» кітабындағы Сүйінғарадан жылқы барымталаған екі жігіттің бірі Малқарбай осы Түрікпенбайдың әкесі Шалқарбайдың туған ағасы. Палуан ұрпақтары бұл күндері Ақтау қаласында тұрады. Бейіті Ақтөбе облысы Байғанин ауданына қарасты Алдияр ишан қорымындауылы.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Түрікпенбай|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}