Түрлендіру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Турлендіру – кез келген Х жиынындағы -дің өз-өзіне бейнеленуі. Кейде (әсіресе, матем. анализ бен геометрияда) бір жиынды екінші бір жиынға ауыстырып бейнелеуді де Турлендіру деп атайды (мысалы, Лаплас Турлендіру-і, Фурье Турлендіру-і, т.б.). Геометрияда нүктелік Турлендіру жиі қарастырылады. Мұндай Турлендіру-де белгілі бір жиынның (сызық, бет, кеңістік) әрбір х нүктесіне сол жиынның басқа бір f(х) нүктесі сәйкес қойылады. Яғни, нүктелік Турлендіру нүктелер жиынының өз-өзіне бейнеленуі болып табылады. Нүктелік Турлендіру-ге қозғалыс Турлендіру, айналу Турлендіру-і, аффиндік Турлендіру жатады. Нүктелік Т-дің көптеген маңызды кластары топ құрайды (мыс., қозғалыс тобы, т.б.). Геом. зерттеулерде Турлендіру берілген фигураны қарапайым қасиеттері басымдау болатын басқа фигураға ауыстыру үшін қолданылады. Мысалы, шеңберді зерттеу жеңілірек болғандықтан, аффиндік Турлендіру-дің көмегімен эллипсті шеңберге Турлендіру-ге болады. Фигураның берілген Турлендіру-де өзгермейтін қасиеттерін инвариант деп атайды. Алгебрада қарастырылатын теңбе-тең Турлендіру-лерге жақшаларды ашу, көбейткіштерге жіктеу, ортақ бөлімге келтіру, т.б. жатады. Жоғары математикада берілген функцияны басқа бір функциямен ауыстыратын функцияларды Турлендіру зерттеледі.

Сілтемелер:

”Қазақ Энциклопедиясы” 9 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}