Түркістан кеңестік федеративтік республикасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Түркістан кеңестік федеративтік республикасы - 1918 жылы Ташкентте 20 сәуір мен 1 мамыр аралығында болып өткен кеңестердің Бүкілтүркістандық 5-съезінде жарияланды. Онда "Түркістан Кеңестік Республикасы туралы ереже" бекітілді. Съезде: "Түркістан Кеңестік Федеративтік республикасы автономиялы түрде басқарылып, Ресей Кеңестік Федерациясының орталық үкіметін мойындайды және оның бағытын ұстанады" деп жазылды. Оған Каспий өңірін, Самарқанд және Ферғана облыстарын қамтитын Түркістан өлкесі кірді. Астанасы Ташкент болды. Мұның құрылуына Ташкентте Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі басталған табан тірескен қиян-кескі күрес себеп болды. Бұл Федерация өз аттас өңірдің бір бөлігінде құрылды. 1918- 1920 жж. азамат соғысы кезінде Түркістан Республикасының Орталық Ресеймен байланысы болмады. 1924 жылы 16 қыркүйекте Түркістан Орталық Атқару Комитетінің төтенше сессиясы ұлттық-мемлекеттік шекара бөлу туралы қаулы қабылдады. 1924 жылы 14 қазанда Бүкілресейлік ОАК-нің 2-сессиясы Түркістан Федерациясын жеке автономиялы бірліктерге бөлу туралы шешім қабылдады. 1924 жылы 27 қазанда БОАК (ВЦИК) осы шешімге заң күшін бере отырып бекітті. 1924-1925 жылдары ұлттық мемлекеттік бөлу нәтижесінде Түркістан, Бұқара, Хорезм Республикаларының аумағында Өзбек КСР, Түркімен КСР, Өзбек КСР құрамында Қарақырғыз автономиялық облысы, Қарақалпақ автономиялық облысы мен ТАКСР-дың қазақтар мекендеген аудандары, Сырдария және Жетісу облыстары кірген ҚазАКСР (1925 жылы сәуіріне дейін Қырғыз АКСР, ал 1936 жылы - Қазақ КСР-ы деп аталды) құрылды.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Түркістан кеңестік федеративтік республикасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}