Түркиядағы жер сілкінісі 2011

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Түркиядағы жер сілкінісі 201123 қазан 2011 жылы жергілікті уақыт бойынша 13 сағат 41 минутта 7,1 магнитудалы Ван провинциясында орын алған табиғи апат.

Негізгі ошағы

Жерсілкінісінің ошағы 16 км тереңдікте болған. Негізгі толқудан 7 минут өткен соң 2 км тереңдікте Ваннан солтүстік-батысқа қарай 26 км-де 4,9 магнитудамен бірінші афтершок қайталанған. Екінші афтершок 11 минуттан соң Ваннан солтүстік-батысқа қарай 33 км-де 4,8 магнитудамен өткен. Толқу Арменияда, соның ішінде Ереванда да байқалған.

Шығын

6017 ғимарат тұруға жарамсыз деп есептелінуде, 8321 үйлер шытынаған. Шамамен 60 000 адам үйсіз, тамақсыз қалған. 30 қазанда Түркия құтқарушылары жұмыстарын тоқтатқан. 601 адам қаза тапқан, 4152 адам ауыр жарақаттанған, 188 адам үйіндінің астынан аман шығарылған.

Көрсетілген көмек

30 мемлекет Түркия Республикасына өз көмектерін ұсынған. Түркияның 3816 құтқарушылары, 886 медициналық көмекшілер, 18 іздеуші иттер, 145 жедел жәрдем кареттері, 7 медициналық тікұшақ, 18 722 палатка т.б қызмет жасаған. АҚШ 5 миллион доллар, Жапония 400 мың доллар, Македония 100 мың евро, «Кока-Кола» компаниясы 1000 000 доллар көмек көрсеткен. Азербайжан мемлекеті алғашқы көмекке келген. Сонымен қатар Қазақстан, Ресей, Израиль мемлекеттері де жәрдемдерін берген.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}