Түрген обалары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Түрген обалары, Түрген қорғандары – көне замандағы, орта ғасырдағы елді мекендердің, қорғандардың орны.


АлматыНарынқол тас жолының бойындағы Есік пен Түрген, Қаракемер аралығында орналасқан. Бұл ескерткіштерге 1869 жылы В.В.Радлов, 1897 жылы Н.Н.Пантусов, 1935 жылы Түрген археологиялық экспедициясы, 1939 жылы А.Н.Бернштам, 1956 жылы Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі Е.И.Агеева) зерттеу жүргізген. Археологиялық зерттеу жұмыстары барысында 12 жерден қорған, оба, елді мекендердің орны табылып, кейбіреулеріне қазба жұмысы жүргізілді. Соның бірі – Түрген ауылының батыс жағындағы солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектелген 32 қорғанды обалар. Бұлардың аумағы 12–70 м, биіктігі 0,3–7 м.<ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref> <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}