Түзу қазтабан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Түзу қазтабан (Үлгі:Lang-la) - раушангүлділер тұқымдасы қазтабан туысына жататын шөп тектес, көп жылдық өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі жарты метрге дейін жетеді.
  • Тамыры көлбеу өседі, жуан әрі қатты, көптеген қосымша тамырлары бар.Сыртынан қарағанда қоңырқай, сындырып қарағанда іш жағы қызыл түсті болады.
  • Сабағы тік, қысқа түктері бар, кейде көлбей өсіп барып жоғары көтеріледі де, жағарғы жағында жайыла өседі.
  • Тамырдан тікелей өсіп шыққан жапырақтары үш және бес салалы болып, сағақтары ұзын келеді. Сабақтан өскен жапырақтары отырмалы, үш-үштен қосақталып тұрады, үлкендеу келген қосымша жапырақтары бар. Тамыр жапырақтары өсімдік гүлдеген кезде қурап түсіп қалады.
  • Гүлдері жіңішке, олар сабақтарының ұшында бөлек-бөлек тұрады. Гүл тостағаншасы екі қабат. Әр қабатында төрт қалақшадан бар. Гүл жапырақтары төртеу, алтындай сары түсті, түп жағындав қызыл дақтары болады. Мамыр айынан тамыз айына дейін гүлдейді.

Өсетін жері

Ормандардың ішіндегі алаңдарда, ылғалды және құрғақ шабындықтарда, бұталардың арасында өседі.

Құрамы, емдік қасиеті және қолданысы

Өсімдіктің құрамында илік заттар, крахмал, алма қышқылы, шайыр, камедь, эфир майлары, қант бар.
Дәрі жасау үшін өсімдіктің тамырын жинап, кептіріп алады. Халық медицинасында түзу қазтабанның қақырық түсіретін, өт айдайтын, қабынуға қарсы әсер ететін, аурыған жерлерді және жүйке жүйесін тыныштандыратын қасиеттері бар. Өсімдіктің тамырынан жасалған дәрілер асқазан қабынғанда және асқазанға, ішекке жара түскенде, өкпе желденіп кеңігенде, өкпе туберкулезі мен іш өткенді, күшті жөтелді емдеу үшін қолданылады. Сонымен қатар асқазаннан, ішектен, жатырдан қан кеткенде де пайдаланылады. Ауыз уылғанда, тіс түбінің еттері қанайтын болғанда ауыз шаяды. Дене сыртындағы тері ауруларын, қанталаған және іріңді жарақаттарды емдейді. Еріннің және қолдың, аяқтың терілері жарылғанда осы өсімдіктің тамырынан жасалған май (ұнтақталған тамырының 5 грамын 1 стақан сиырдың майына қайнатады да, жылы күйінде сүзіп алады) дәріні жағады.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер