Түгіскен және Ұйғарақ обалары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Түгіскен және Ұйғарақ обалары— ертедегі темір дәуірінде Шығыс Арал өңірінің аумағы мен Оңтүстік Қазақстанның оған шектес аудандарын массагет-сақтардың құрамына кіретін этникалық топтар мекендеген. Олардың сол кездегі мәдениетінің ескерткіштері Сырдарияның төменгі бойындағы Ұйғарақ және Түгіскен қыраттарында орналасқан обалы қорымдар болып табылады. Түгіскен қорымы екі дәуірдің ескерткіштерінен тұрады. Ең алдымен бұл — Солтүстік Түгіскен, б. з. б. IX—VIII ғасырлардағы қорымдар. Сақтардың обалы қорымы — Оңтүстік Түгіскен де осында Түгіскен үстіртінде орналасқан. Ол өз кезегінде екі кешенге бөлінеді, олардын біріншісі 9, екіншісі 27 обадан тұрады. Оңтүстік Түгіскеннің барлық сақ обалары б. з. б. VII—V ғасырларда тұрғызылған. Ұйғарақтағы сол заманның 80 обасы үш топқа: шығыс, орталық және батыс топтарға шоғырланған. Олардан 70 оба қазылды. Ұйғарақ пен Түгіскенде жерлеу құрылыстары әртектес болғанмен, жерлеу ғұрпы бірдей.

VII-V ғасырлар обалары Ұйғарақ пен Оңтүстік Түгіскеннің құм үйінділері астынан алуан түрлі жерлеу құрылыстары қазылып ашылды. Оның бірі, негізінен Ұйғарақтан ғана шыққаны — адамдарды жердің бетіне, жеңіл қаңқалы ағаш құрылыстың не күркенің ішіне, қамыс төсеніш үстіне жерлеу. Мұндай құрылыстардың сыртқы бітімі дөңгелек, сопақ немесе тікбұрышты болған.

Олар Солтүстік Түгіскендегі қола дәуірінің қарапайым жерлеу құрылыстарына ұқсас. Оларды Солтүстік Түгіскендегі жерлеумен жақындастыратын белгі — өліктің басын батысқа қаратып жерлеу және ішінара- өлікті өртеу салты. Жерлеу құрылыстарының екінші үлгісі — жерден қазылған шұңқырлар. Олардың бірнеше түрлері бар. Ұйғарақ пен Оңтүстік Түгіскен қорымдарында шығыстан батысқа бағытталған тікбұрышты үлкен жер шұңқырларға жерлеу түрі көп тараған. Лақаттар ағаш бөренелерімен жабылып, олардың үстіне қамыс немесе үсак бұтақтар қабаты теселген. Шұңқыр айналасындағы ескі қабат пен қабір топырағын да қамыспен жауып тастаған. Сонан соң диаметрі 15-20 м, кейде 30 метрге дейін жететін оба үйген. Кейбір жағдайларда үйінді қамыс пен топырақ қабаттарынан тұрғызылған. Басқа жерлеу құрылыстарындағы сияқты, мұнда да отка табыну кең таралған.

Қабірдің бүрыштарында тіреу орындары сияқты кішкене шұңқырлар жиі кездеседі. Кейбір қабірлерде лақаттың түбінен қабырғаны жағалай арықша қазылған да, өлік жер «үстел» үстінде жатқандай болып көрінеді. Қабір бұрыштарындағы шұңқырлар сияқты, мұндай «үстелдер» де Солтүстік Түгіскендегі кесенелерінен дәстүрге айналған белгілі жерлеу ғұрпының жергілікті тәсілдері. Түгіскенде жерден қазылған шұңқырларға жерленетін обалардың тағы бір өзгеше тобы бар. Құрылыстардың бұл нұсқасы - ортасында беті ағаш бөренелермен жабылған жер шұңқыры бар, жан-жағы айнала қоршалған топырақ дуалдан тұрады. Дуалдың топырағы айналасындағы белдеулей қазылған орлардан алынған. Бұдан басқа, топырақ дуалды қоршаған ор жанғыш материалдармен (шөпшекпен) толтырылған. Жерлеу кезінде барлық құрылысты айнала от жағылатын болса керек.

Ақырында, Ұйғарақта жер қабірлердің Түгіскенде жоқ түрі бар. Бұл негізінен бұрыштары дөңгеленіп келген тікбұрышты тар молалар. Құрылымы жағынан оларды Түгіскен мен Ұйғарақтағы үлкен жер шұңқырға жерлеумен жақындастыратын белгі — сырғауылдармен және бұтақтар- менжабылуы.

Жерлеу құрылыстарының осындай әр түрлі болуы, шамасы, отбасылық қатынастар жүйесін ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік құрылымды, рулық қауымның эволюциясын да көрсетсе керек. Бұл, әсіресе Ұйғарақ қорымындағы әр түрлі обалар топтарыныц үлгісінде ерекше айқын байқалады. Абыз әйелдер көп жерленген шығыс топтың молаларында кейінгі қола дәуірінен келе жатқан ғұрып-дәстүрлері айқынырақ байқалады.

Ұйғарақ обаларының орталық кешенін қалдырған рулық топ, мүліктердің құрамына және үлкен жер лақаттарға қарағанда, ең ықпалды топ болған. Оның өкілдері әскери билік пен абыздық қызметті қатар жүргізген көсемдер болған. Бұған билік белгісі — күрзінің және салттық айбалта-қанжардың табылуы дәлел. Бұл жерде жерленген қару-жарақты салт атты жауынгерлердің зираттарының көпшілігі, басқа рудың мүшелерінікі болса керек. Батыс жақ шетімдсгі тікбұрышты тар қабірлерге атағы жоқ және кедей рулық қауым мүшелерін жерлеген. Түгіскенде б. з. б. V ғасырдағы бай қабірлер тобы айқын аңғарылады. Олардың құрылымына тән нәрсе — кірер ауыздағы ұзын дәліз-дромос. Лақаттар өте терең болуымен ерекшеленеді. Өліктің басы шығысқа — солтүстік шығысқа қаратып жатқызылады. Шұңқыр әдетте, неғұрлым ерте- ректегі обалардағы сияқты қабырғаларымен емес, бұрыштармен бағытталған. Жерленгендер шалқасынан созылған күйінде, бастары шығыс- солтүстік-шығысқа қаратылып, кейде оларды лақат шұңқырларын қиғаштай, аяқтарын ромб тәрізді тізесінен бүгіп, өкшелерін ішке қаратып (ат үстінде отырған кейіпте) жатқызылған. Лақат шұңқырлары мен дромос (ішінара) тегіс етіп жабылған. Сонымен б. з. б. V ғасыр обаларына бұрынғысынша тән нәрселер: лақаттардың бұрыштарындағы шұңқырлардың сақталуы, ілуде бір болғанымен, жерден қазылған қабірлер мен жер үстіне салынған жерлеу құрылыстарының қатар қолданылуы, оттың жерлеу салтындағы елеулі рөл атқаруы.<ref>«Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59 ISBN 978-601-282-026-3 </ref>

Дереккөздер

<references/>