Тіршілік – орта ретіндегі ағза

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тіршілік – орта ретіндегі ағза Тіршілік орта ретінде ағзаны пайдалану Жер бетінде тіршіліктің пайда болу мерзімінен басталған. Ағзалардың барлығына дерлігінде паразиттер бар. Әсіресе жоғары жаратылымды жануарлар мен өсімдіктер ағзасында тіршілік иелерінің паразит формалары өмір сүруге арналған қолайлы жағдайлар болады. Мәселен, жағдайлардың барлығы жануарлар ағзасында паразиттер, мысалы, ішқұрттар немесе карапайым жәндіктердің емір сүруіне колайлы. Тіршілік ортасы ретіндегі ағзаның мынадай бірқатар ерекшеліктері бар: оңай сіңірілетін қорек, түрагты температура, судың үнемді болуы, бөсекелес ағзалар болмауы, т. б. Сонымен бірге кейбір қиындықтар да бар. Олар: оттегінің тапшылығы, жарықтың болмауы, қозғалатын кеңістіктің шектеулілігі, тіршілік ететін иенің қорғаныш көрсетуі және т. б. Белгілі иесінде өмір сүретін ағзалар эндобионт деп аталады. Эволюция үдерістері кезінде оларда иесінің белгілі мүшелері мен ұлпаларында өмір сүруге арнайы бейімделулер қалыптасқан. Мысалы, ішқұрттар дың асқорыту жүйесі және сезім мүшелері жойылып, ішек қабырғасына бекінетін сорғыштар пайда болған, көбею мүшелері жоғары өсімталдықты қамтамасыз ете алады. Эндобионттар иесін алмастырып, едәуір күрделі даму айналымын жасайды. <ref>Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-927-4</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тіршілік – орта ретіндегі ағза|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}