Тіршілік деңгейі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тексерілмеген мақала Тіршілік деңгейі - табиғаттағы барлық тірі организмдердің бір біріне ұқсас біркелкі құрылымдық деңгейлері. Бұл, жалпы, тірі организмдердің бәріне тән биологиялық заңдылық болып саналады. Тіршілік деңгейлері: молекулалық, жасушалық, ұлпалық, мүшелік, организмдік, популяциялық түрлік, биогеоценоздық және биосфералық деп бөлінеді.

Молекулалық деңгей

Бұл тіршілікке тән бастапқы ең қарапайым деңгей. Кез келген тірі организм құрылысының қарапайымдылығына немесе күрделілігіне қарамай, оның бәрі де біркелкі молекулалық қосылыстардан тұрады.Оған мысал ретінде, нуклеин қышқылдарын, нәруыздардың, көмірсулардың және т.б органикалық және бейорганикалық заттардың күрделі молекулалар жиынтығын атауға болады.

Жасушалық деңгей

Жер бетіндегі тірі организмдердің көпшілігінің құрылымдық және қызметтік бірлігі жасушадан тұрады. Жасушалық деңгейде оның құрамындағы жеке органоидтердің өзіне тән құрылысы болады және олар жасушада белгілі бір қызмет атқарады.Жасушадағы жеке органоидтердің атқаратын қызметі өзара бір бірімен тығыз байланысып жасушадағы біртұтас тіршілік процестерін жүзеге асырады.

Ұлпалық деңгей

Ұлпалық деңгей тек көп жасушалық организмдерге тәне қасиет. Жеке ұлпаларда өз алдына тұтас организм бола алмайды.Мысалы, өсімдік мүшелеріндегі ұлпалар түзуші, жабын, тірек, өткізгіш және бөліп шығарушы деп аталады.

Мүшелік деңгей

Көп жасушалы мүшелік деңгей көп жасушалы организмдерде шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі біркелкі ұлпалар жиналып мүшелік деңгейді құрайды.Әрбір мүшенің құрамында бірнеше ұлпа кездеседі және бір ұлпа ғана басым болып келеді. Әрбір жеке мүшеде тұтас организм бола алмайды. Құрылысы мен атқаратын қызметі ұқсас бірнеше мүшелер бірігіп жеке мүшелер жүйесін құрайды.

Организмдік деңгей

Денесі бір ғана жасушадан тұратын өсімдіктер мен жануарлар өз алдына жеке организм. Ал көп жасушалы организмдердің жеке бір дарасы жеке организм деп есептеледі. Жеке организм денесінде тірі организмдерге тән барлық тіршілік процестері: қоректену, тыныс алу, зат алмасу, тітіркену, көбею және т.б процестер жүреді.

Популяциялық-түрлік деңгей

Өзіне тән табиғи орта жағдайында бір түрге жататын белгілі бір аймақта таралған даралардың жиынтығы популияцияны құрайды. Популияциялық деңгейде ғана алғаш рет қарапайым эволюциялық өзгерістер байқалады, бірте бірте жаңа түрдің пайда болуына септігін тигізеді.

Биогеоценоздық деңгей

Биогеоценоздық деңгей - құрылымдық деңгейі әр түрлі бір табиғи орта жағдайында ғана тіршілік етуге ғана бейімделген көп түрлі организмдердің жиынтығы. Оны кейде табиғи бірлестік деп те атайды. Биогеоценоздың құрамында бейорганикалық және органикалық қосылыстар және тірі организмдер болады.

Биосфералық деңгей

Биосфералық деңгей - жер ғаламшарындағы барлық тірі организмдер мен олардың тіршілік ететін жалпы табиғи орта жағдайларының жиынтығы.Биосфералық деңгейде бүкіл жер бетіндегі заттар мен энергияның айналымы биосферадағы барлық тірі организмдердің тікелей қатысуы арқылы жүріп отырады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер <ref>Биология, 11 сынып, Алматы Мектеп 2007.</ref>