Тілеуханов Төлек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Тілеуханов Төлек, жазушы (1939).

1939 жылы 18 шілдеде бұрынғы Семей облысының Шұбартау ауданында туған. 1964 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1964–1969 жж. мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры, 1970–1988 жж. «Жазушы» баспасында редактор, редакция меңгерушісі, 1992–1995 жж. «Айқап» баспасында бас редактор, 1996 жылдан «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі болды. 1965 жылы «Қазақстан әйелдері» журналында алғашқы әңгімесі жарияланған. Қаламгердің шығармалары 1965 жылдан бастап жарық көре бастады. Оның «Көрші келіншек», «Шарапатты жан», «Өзгенің бақыты үшін», «Өмір арнауы», «Мәуелі бәйтерек» әңгіме-повестері, «Келешек кіріспесі», «Үш ұрпақ мұңы» романдары жарық көрген. Австралия жазушысы А. Маршаллдың «Мен секіріп ойнай аламын» повесін, Р.Тагордың, А.Чеховтың, словак жазушысы Андрей Плавактың, өзбек жазушысы Х.Нәзірдің, орыс жазушысы А.Беляевтің, үнді жазушысы А.М.Нуридің әңгіме, повестерін аударған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2005).

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА