Тілеуберді Қоңырауұлы Рысымбетов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Тілеуберді Қоңырауұлы Рысымбетов (1939 жылдары туған, Сарыағаш ауданы) — ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1991), профессор, Экология академиясының академигі. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген (1962). 1962–1964 жылдары Оңтүстік Қазақстан мал шаруашылық бөлімінің тәжірибелік станциясында кіші ғылым қызметкер. 1964–1969 жылдары Алматы зоотехникалық -малдәрігерлік институтында аспирант, оқытушы. 1969 жылдан ғылыми қызметтерде болып, кейіннен қаракөл ғылым-өндірістік бірлестігі бас директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. Оның «Сасырдың химиялық құрамы, қоректілігі, қыр шөбінен пішендеме жасау технологиясы» атты еңбегін ғылыми конференция өте жоғары бағалады. Рысымбетов Одақта қаракөл қойын азықтандырудың теориялық және практикалық негіздерін қалаушы. Практикалық зор мәні бар, ғылыми еңбектері Қазақстанда 600 мың бас қаракөл қойын жайып-бағу технологиясының жаңа жобаларын жасауға пайдаланылды. Оның еңбектерінің желісімен ғылым-насихат кинофильмдері түсірілді. Самарқанд және Будапешт қалаларында өткен ІІІ және VІ Халықараралық қаракөл шаруашылығы симпозиумдарының дипломанты.<ref>"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub