Тілекжан Хасенұлы Рысқалиев
Үлгі:Infobox Biography Рысқалиев Тілекжан Хасенұлы — ғалым, философия ғылымының докторы (1999), профессор (2000).
Өмірбаяны
Киев мемлекеттік университетінің философия факультетітін бітірген (1967), Қазақстан ҰҒA Философия институтында аспирантурада оқыған (1968-1971).
Көкшетау педагогикалық, Алматы медициналық, Орал педагогикалық, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институттарында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі болған.
Қазір Орал, Еңбек және әлеуметтік Қатынастар академиясының проректоры. Көп жылдар КСРО Философия Қоғамының Батыс Қазақстандық бөлімін басқарды.
Педагогика саласындағы үздік еңбегі үшін Ы. Алтынсарин атыңдағы медальмен марапатталған (1990). Ғылыми зерттеулері философия тарихына арналған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>
Дереккөздер
<references/>