Тілдік тұлға

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тілдік тұлға — тіл жүйесінде бір-бірінен қызметі, құрылысы, орны жағынан дараланатын тұрақты тілдік элементтер. Тілдік тұлға тілдің негізгі қызметін атқаратын материалды-заттық мағыналық атауыш сөздер. Сөздер Тілдік тұлға ретінде жеке айтылғанда заттар мен құбылыстардың аты, түр-түсі, саны мен сапасы, қимыл-әрекеті сияқты алуан түрлі мағаналарды білдіреді (адам, жақсы, терт, кел, бүгін). Тілдік тұлға, жаппы алғанда, тілдің сөздік құрамын (лексикасын) құрайды да, сөйлемдер мен сөз тіркестерінің құрамында айтылып, бір-бірімен қарым-қатынасқа түскенде, тілдің грамматикалық құрлысын жасайды. Ондайда Тілдік тұлға қолданылу ретіне қарай тұр-тұрпаты, тулғасы жағынан әр түрлі морфологиялық езгерістерге түсіп, әр апуан синтаксистік қарым-қатынастарға ие болады. Тілдік тұлғалар атауыш, коммуникативтік және құрылымдық болып бөлінеді. Атауыш Тілдік тұлға жеке-ұғым, түсінік, заттарды атайды. Негізгі атауыш Тілдік тұлға сөз. Негізгі коммуникативтік Тілдік тұлға — сөйлем. Негізгі құрылымдық Тілдік тұлға — фонема, морфема. Ол тілде сөзжасам, сөз тіркесі, сөйлем модельдері арқылыатауыш, коммуникативтік Тілдік тұлға құрайды.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}