Тілдік жоспарлау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тілдік жоспарлау — тілдік құрылыс, тілдің дамуын саналы түрде реттеу, саналы түрде тілге өзгеріс енгізу, арнайы құрылып және тиісті өкілеттігі бар саяси, білім беру, лингвистикалық жоспарлаумен тіл жүйелерінде өзгерістер жасау (Мысалы, КСРО-дағы 20-30 жылы әліпби түзу к-ттері); релевантты әлеумеуттік, экономикалық, саяси, демографиялық және психологиялық өзгерістермен санаса отырып әлеуметтік деңгейде тіл мәселесін қарау және реформалау. Тілдік жоспарлау жылы келесі тізбек бойынша іске асады:

  1. тілдік саясаттың қалыптасуы;
  2. орындалатын іс-әрекет бағдарламасын егжей-тегжей құру (тілдің қолданылу ауқымын кеңейтуге арналған нақты іс-шаралар, орфографияға қатысты реформалар, тілді стандарттау және нормаға түсіру т.б.);
  3. көзделген бағдарламалардың ұтымдылығын бағалау және алдағы уақытта мақсат пен іс-қимылды реттеу.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}