Тікенді қараөрік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Тікенді қараөрік, тікенді алхоры (Үлгі:Lang-la) - раушангүлдер тұқымдасы алхоры туысына жататын бұталы өсімдік.

Ботаникалық сипаты

Сурет:Schlehenblüte 2009 6.JPG
Гүлдеген кезі
  • Биіктігі 3 м-ге дейін жетеді.
  • Бұталарының көбінің ұшында өткір тікені болады.
  • Жапырақтары майда, жұмыртқа тәрізді, сағақтары қысқа, шеттері ара тісті.
  • Гүлдері ақ түсті, гүл сабақтары ұзын, гүл жапырақшалары да, гүл тостағаншасының қалақшалары да бес-бестен. Гүлдері жапырақтарынан бұрын наурыз-сәуір айларында пайда болады.
  • Жемісі - дөңгелек, шар тәрізді, қара көк, сүйекті келеді.

Өсетін жері

Таулы және тастақты беткейлерде, орманның шеттерінде, жыраларда, өзеннің тік жағалауларында, бұталардың арасында өседі.

Құрамы, емдік қасиеті және қолданысы

Құрамында цианоген гликозиді, амигдалин, кемферон деген заттар болады. Гүлдері мен жапырақтарының несеп айдайтын, іш жүргізетін қасиеттері бар. Сондықтан оны іш жүрмей қалғанда және түйнеп ауырғанда қолданады. Дене сыртына іріңді бөртпелер шыққанда пайдаланса да жақсы нәтиже береді. Жасалған дәрілермен бауырдың әр түрлі ауруларын емдейді. Өсімдіктің қабығынан, тамырынан жасалған дәрілерді дене қызуы көтерілгенде пайдаланады. Дәрілік мақсат үшін тікенді алхорының гүлдерін, жапырағын, тамырын, қабығын жинайды.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер