Тянь-Шань шетені

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Тянь-Шань шетені (Үлгі:Lang-la) — раушангүлділер тұқымдасына жататын Шетен (лат. Sorbus) тегінің өсімдігі.

Қазақстандағы кездесетін үш түрдің ішіндегі таудағы ең тараған өсіидіктердің бірі. Шыршалы, аршалы ормандардың құрамында Тянь-Шаньда, Жоңғар Алатауында кездеседі. Биіктігі 5 м-ге жететін әдемі ағаш, жылтырақ, қызыл қоңыр қабықты және ірі қауырсынды жапырақты. Гүлдерінің саны көп, кең қалқан тәрізді гүлшоғырына жиналған. Желектері ақ, күлтесі ірі (диаметрі 2 см), аталықтары желектерінен едәуір қысқа. Маусымда гүлдейді, жемістері (күңгірт қызыл жидек), тамыз-қыркүйекте піседі. Құстар арқылы тасымалданады, тұқымымен жақсы көбейеді, өте жақсы сәндік өсімдік. Саяжай учаскелерін безендіруге ыңғайлы, жемістерін жеуге болады, әсірісе алғашқы суықтан соң. Әртүрлі сусындарды даярлауда қолданылады. Жемістері мен тұқымының бактерияларды өлтіретін қасиеті бар. Жемістерінің тұнбасы мен тұқымынан алынатын қою май кейбір жұқпалы ауруларды емдеуге ұсынылған.