Тырнақ грибогын емдеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тырнақ грибогын емдеу

Қолдың тырнағындағы грибокты емдеу үшін кофені қою қылып шығарыңыз да, тұнбасына саусақтарыңды салыңыз. Шөкпелерді шайқамай салғаныңыз дұрыс. Бұл әдіс аяқтағы грибокты да жақсы емдейді. Өкшедегі қалыңдап мүйізделе бастаған теріні жұмсартады. Күнде кешке қайталап тұрсаңыз, теріңіз жұмсарып ауырғаны басылады. Грибок майонездің 200-граммдық банкасына уксустың эссенциясын құйып оған жұмыртқаны қабығымен салып қойыңыз(стаканның қабырғаларына тимесін). Қараңғы жерде жұмыртқа толығымен еріп кеткенше тұрсын.(еріп болғаннан кейінгі жұқа пленканы алып тастаңыз). Ендігі жерде, даяр болған ерітіндіге бір шай қасық сары май қосып араластырсаңыз қоймалжың май аласыз. Алынған жақпа майды(мазь) басқа ыдысқа ауыстырып алсаңыз болды. Ертең ерте және кешке бүлінген тырнақтарыңызға жағып тұрғаныңыз дұрыс… Ол үшін, ауру аяғыңыз немесе қолыңызды жақсылап бұлауға салып(шым-шым ыстық су) бұлаулаңызда артынша құрғақ сүлгімен кептіре сүртіңіз де жақпа майды жағыңыз. Тырнағыңыз болса 4 қабат дәкеге жағылған майды қойыңыз тырнақтың үстіне. Майды жағып болған соң сыртынан целофан оның үстінен бинтпен орап тастаңыз. Тырнақ жұмсарып көтерілген кезде дәз кеткен жерлерін қырқып тастаңыз. Грибоктың залалы бар тырнақ пен терінің тез жазылып кетуіне бірден бір ем… Сүттігеннің(молочай) бір түбірін 2-3 литр қайнақ суға салып ыдысын жылы орап екі сағатқа қалтырыңыз. Грибогы бар аяғыңызды(қолыңызды) шым-шым ыстық тұнбада 30-40 минут ұстаңыз. Екі күн сайын қайталап отырғаныңыз жөн. Көшкен терілерді(қабықшаларды) ақырндап тазалаңыз.