Тыныштықбай Омарұлы Әуесбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Тыныштықбай Омарұлы Әуесбаев (22 наурыз, 1941 жылы Қызылорда облысы, Тасбөгет ауданында туған) — кеңестік және қазақстандық даңқты ардагер құрлысшы-теміржолшы. КСРО және Қазақстанның Құрметті теміржолшысы. КСРО және тәуелсіз Қазақстан Республикасының жоғарғы мемлекеттік марапаттарының иегері. Бар өмірін теміржол саласының дамуына арнаған қайраткер тұлға.

Толығырақ

  • Тыныштықбай Омарұлы 1941 жылы 22 наурызда Қызылорда облысы, Тасбөгет ауданында дүниеге келген.
  • 1966 жылы Ташкент теміржол иниститутын бітірген. Оқуды бітірген соң жолдама арқылы Қазақстан темір жолына келеді.
  • Еңбек жолын Қызылорда теміржолының «Құрлыс-монтаж пойызы 355» мекемесінде шебер болып еңбекке араласады.
  • 1977 жылдан Батыс Қазақстан теміржолы құрлысын дамытуға іске кірісті.

Еңбек жолы

  • Қазақстан темір жолы құрлысының дамуына ерен еңбек сіңірген құрметті теміржол құрлысшысы Тыныштықбай Омарұлының жарты ғасырдан астам алтын уақыты темір жол саласына арнаған ардагер құрлысшы теміржолшы;
  • 2002 жылы «Темір жол құрлысы» АҚ басқарамасының директоры;
  • 2009 жылы «Жаңаөзен – Түрікменстан» темір жол құрлысының бастығы.

Мемлекеттік марапаттары

  • Қазақ КСР жоғарғы кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған.
  • 1980 жылы КСРОның «Еңбек Қызыл Ту» Ордені;
  • 1984 жылы КСРОның Құрметті теміржолшысы (құрметті атағы берілген);
  • 1984 жылы КСРОның «Халықтар Достығы» Ордені;
  • 1985 жылы КСРОның «Еңбек ардагері» медалі;
  • 2004 жылы «Қазақстан теміржолына 100 жыл» құрметті төсбелгісімен марапатталды.
  • 2004 жылы елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат «Парасат ордені» мен марапатталды.
  • 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» мемлекеттік медалі;
  • 2012 жылы елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат ІІІ дәрежедегі «Барыс ордені» мен Асқар Мәмин марапаттады.
  • КСРО және тәуелсіз Қазақстан Республикасының көптеген медалдарымен құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталған.