Тыныс Шындәулетұлы Өтебаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Тыныс Өтебаев Шындәулетұлы (14.03.1944 ж., Киік ата ауылы, Жоғары Шыршық ауданы, Ташкент облысы) – диктор, тележурналист. КСРО телерадиосының үздігі. Қазығұрт ауданы орталығындағы 7 жылдық мектепті, Ташкент электрмеханика техникумын (1961), Ташкенттегі орыс тілі және әдебиеті институтын (1971) бітірген. Еңбек жолын Ташкент трактор жасау завотында техник-электрик болып бастаған. 1963 – 66 ж. Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1967 ж. Өзбек радиосында диктор болып тұңғыш қазақ бағдарламасы «Замандасты» ашуға ат салысып, Өзбек теледидарына ауысты. 1971 жылдан «Қазақстан» телерадио комитетінде диктор, бас редактор, директор, комитет төрағасының 1-орынбасары қызметтерін атқарып келді. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1989).<ref>Оңтүстік Қазақстан облысы : энциклопедия. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2005. – ISBN 9965-9746-1-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала