Тынысбек Әуелбекұлы Қоңыратбай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тынысбек Әуелбекұлы Қоңыратбай (18.9.1955 жылы Қызылорда қаласында туған) – ғалым, өнертанушы, этнограф, филология ғылымдарының докторы (2002), профессор (2004).

Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін (1977), Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген (1986). 1977 – 2004 жылдары Қызылорда педагогикалық институтының оқытушысы, “Өнер” баспасының редакторы, “Кітап жаршысы” газетінің редакторы, Қазақ қыздар педагогикалық институты қазақ музыкасы кафедрасының меңгерушісі, “Музыка әлемінде”, “Қазақ және әлем әдебиеті” журналдарының бас редакторы қызметтерін атқарды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Тынысбек Әуелбекұлы – қазақ музыкасының ежелгі дәуірін тұңғыш зерттеушілердің бірі. Ол еңбектерінде қазақ эпосы мен этникалық тарихын ұштастыра қарастырды. Қорқыт ата атты симфониялық поэма (1986), “Дала суреттері”, т.б. соната, музыкалық пьеса, әндер жазды. Қазақ ауыз әдебиеті, әдебиет тарихының мәселелері мен күйшілік, әншілік дәстүрге арналған бірнеше ғылыми-зертттеу еңбектердің, көптеген ғылыми мақалалардың авторы. Қазақстан Республика білім беру ісінің үздігі (2002).<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}