Турбовинтті қозғалтқыш

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:TVD-schema.png
Турбовинтті қозғалтқыш сызбанұсқасы: 1 — әуе винті; 2 — редуктор; 3 — турбокомпрессор.
Сурет:Turboprop operation rus.png
Түрлі түсті сызбанұсқасы
Сурет:Aircraft element - engine 3.JPG
ATR-72 ұшағының турбовинтті қозғалтқышы

Турбовинтті қозғалтқыш – негізгі тарту күшін ауа винті, ал қосымша тарту күшін (8 – 12%) реактивті соплодан шығатын газ ағыны тудыратын авиациялық газ турбиналық қозғалтқыш. Ол дыбыс жылдамдығына дейінгі жылдамдықпен ұшатын ұшақтар мен тікұшақтарда пайдаланылады. Ұшақтың ұшуы кезінде атмосферадағы ауа Турбовинтті қозғалтқышқа келіп, ауа іріктеуіште, содан кейін турбокомпрессорда сығылады. Сығылған ауа жану камерасына беріледі де сұйық химиялық отынмен (авиац. жанармай) араластырылады. Отынның жануы кезінде түзілген газ компрессор мен ауа винтін айналдыратын турбина ішінде, бұдан кейін соплода ұлғаяды. Турбокомпрессор роторы мен ауа винтінің айналу жылдамдығын бір-біріне үйлестіру үшін немесе айналу моментін винтке беру үшін (тікұшақтарда) редуктор пайдаланылады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Сілтеме

<references />

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub