Турамыш ет қосқан кеспе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Турамыш ет қосқан кеспе (татар тағамы). Мал немесе тауық еті сорпасынан дайындайды. Татардың аса кең тараған дәмді тағамының бірі. Ол үшін әуелі етті жуып, сүйегі мен шандырынан ажыратады. Сүйегінен сорпа қайнатып, таза етін шикілей күйінде ұсақтап турайды. Туралған етке пияз, тұз, бұрыш қосып, жақсылап араластырады. Осы дайын фаршты жаңғақ көлеміндей етіп домалақтап, қайнаған сорпаға салады. Фарш сорпаның бетіне қалқып шыққан кезде сүзіп алады. Сүзілген сорпаға дөңгелектеп тураған пияз бен сәбіз қосып, 15 минуттай соң, кеспе (токмаг) салады. Кеспесі бетіне қайнап шыққан сәтте тағы да 2—3 минут қайнатып, тәрелкеге құйып алады да, үстіне турамыштарды (фаршты) салады. 600 г етке (сүйегімен) : 150 г пияз (150 грамы сорпаға, 100 грамы фаршқа салынады), 50 г кеспе, сәбіз, тұз, бұрыш — таты-мына қарай.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Турамыш ет қосқан кеспе|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}