Тунис тоқымасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Тунис» тоқымасы (ұзын ілмекпен тоқу). Ұзын ілмекпен әр түрлі заттарды, әсіресе балалар бұйымын тоқу ұсынылады, себебі жиі-жиі жуғанда ұзын ілмек-пен тоқылған заттар сәнді түрін жоғалтпайды. Үлгі жасаған кезде созылу еркіндігі үшін үстеме қосуды ұмытпау керек. Тунис ілмегі ұшының диаметрі әр түрлі, ал сабы, ұзындығы кемінде 35—40 см болады; сабының ұшында теріп алынған шалуларды ұстап тұратын қалпақша не сақина болуы керек. Тоқулы бұйымның оң жағынан ілгерілі-кейінді жүргізеді. Осылайша ұзын ілмекпен тоқудың бір қатары 2 кезеңнен тұрады: бірінші кезең — тізбек шалудың әрқайсысының түбінен (оң бетінен) оңнан солға қарай барлық шалуларды теріп алады (теріліп алынған барлық шалулар ілмектің сабында тұрады); екінші кезең — ілмек сабындағы әр шалуды солдан оңға қарай тоқып шығады.

Екінші және одан кейінгі қатарлар да осылайша тоқылады, бірақ ілмек көлденең жатқан жоғарғы шалудың (бұдан бұрынғы қатардан ілінген шалудың жартысының) астынан өтеді, бұл арқылы жаңа шалу алып, оны ілмек сабында қалдырады. Ұзын ілмекпен тоқығанда қатарлы көтерудің қажеті жоқ, себебі әрдайым ілмекте қалатын 1 шалу келесі қатардың көтерме шалуы болып табылады. Бірінші кезеңдегі қатардың басында шалуды көбейту үшін ілмек сабында тұрған шалудан басқа тағы бір тізбек шалу алып, содан соң қатардағы шалуларды ілмектің сабына теріп алу қажет (5-сурет). Бірінші кезеңдегі қатарлық басы мен аяғында шалуды азайту үшін мұның алдындағы қатарлан шалуларды гергенде сол қатардағы екі тік жіпті қосып бір шалу алады (6-сурет). Екінші кезеңдегі қатарлық басы мен аяғында шалуларды азайту үшін ілмек сабына тершіп алынған шалуларды екі-екіден бекітеді. Тоқыманың ортасында шалуды көбейтіп, азайту осы жолмен жүргізіледі. Түймелейтін ілгек және қалта ауыздарын шығару үшін ілгек немесе қалта аузы үстіндегі қатарлы тоқу барысында ілмектің сабына қанша шалу терілмей қалса, сонша бос шалу теріп алу керек. Қатарлы тоқудың 2-кезеңінде бос шалулардан тізбек шалу алып, тоқыманың шалу санын орнына келтіреді, одан әрі осы орнына келген шалуларды тоқи береді.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тунис тоқымасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}