Тромбофлебит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тромбофлебит (thrombophlebіtіs; грек. thrombos – ұйыған қан, phleps, phlebos – вена және іtіs – қабыну) – вена қан тамырларының ауруы.

Пайда болуы

Тромбофлебит бастапқыда вена қан тамырларының қабынуы (қ. Флебит.), одан кейін тромбоз/тромбоздың пайда болуымен сипатталады. Сонымен қатар тромбофлебит әр түрлі хирургиялық операциялардан кейін, әйелдерде жүктіліктің соңғы кезеңінде немесе кейбір жұқпалы аурулардың (бөртпе, іш сүзегі) асқынуынан пайда болады. Тромбофлебит, көбінесе, аяқтың венасында кездеседі. Тромбофлебит асқынғанда әр түрлі қауіпті ауруларға әкеледі. Әсіресе, бетте болатын Тромбофлебит өте қауіпті, себебі бұл миға келетін вена қан тамыры қабынуының дамуына жағдай жасайды.

Түрлері

Тромбофлебиттің жедел және созылмалы түрлері, сондай-ақ венада ұйыған қанның орналасуына қарай: тереңде орналасқан тромбофлебит және бет жағында орналасқан тромбофлебит болып бөлінеді. Венаның терең жерінде орналасқан жедел тромбофлебит аяқ астынан дамып, бірнеше сағатқа созылады. Бұл кезде аяқтың вена қан тамыры өтетін бұлшық ет қатты ауырып, аяқ ісінеді, науқастың жалпы жағдайы нашарлайды. Дене қызуы 39 градус С-қа дейін көтеріліп, адам қалшылдай бастайды. Дерттің жедел түрі бәсеңсігенде созылмалы түріне ауысуы мүмкін. Венаның беткі қабатында орналасқан созылмалы тромбофлебит өте баяу дамиды. Аурудың бұл түрінде күш түскен кезде аяқ ісінеді де, адам демалған кезде ісік азаяды немесе қайтады. Пайда болған ұйыған қан түйіндерінің даму барысы әр түрлі болуы мүмкін. Бір жағдайда ол емдеу барысында біртіндеп кішірейіп, жоғалады; екінші бір жағдайда дәнекер тінмен араласып, қан тамыры қуысын бітейді, ал кейде ұйыған қан түйіні іріңдеп, оның айналасында іріңді қабыну процесін тудырады.

Емі

Тромбофлебиттің жедел түрімен ауырған адамды ауруханада емдейді, ұйыған қан түйіндерін ерітетін антибиотиктер береді. Іріңдеп кеткен Тромбофлебитке операция жасалынады. Тромбофлебиттің кейбір созылмалы түрінде аяққа эластик шұлық кигізіп не емдік бинтпен байлап тастайды, емдік гимнастика жасап, физиотерапевтік ем тағайындалады. <ref>Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Medsci-stub