Трихомониаз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Disease Трихомониаз (Үлгі:Lang-la) — жұқпалы жыныс ауруларының бірі. Бұл кеселге ерлерге қарағанда әйелдер көбірек шалдығады. Жыныс мүшелері қабынған әйелдерде трихомониаз ауруы жиі кездеседі. Оны қоздыратын трихомонада (Trichomonas vaginalis) микробы тек жыныс мүшелерінде ғана өмір сүре алады, басқа ортада ол тез өледі.

Бұл ауруды негізінен сырқат адам таратады. Ол басқаларға өзінің пайдаланған заттары арқылы да трихомониаз ауруын жұқтыруы мүмкін.

Бұл аурудың белгілері соз белгілеріне өте ұқсас, сол себепті науқасқа диагноз ауру қоздырғыш микроптарды табу арқылы ғана қойылады.

Трихомониазбен ауырған әйелдің жыныс мүшесінен ақшыл жалқаяқ ағады. Күнделікті күймең тіршіліктің ыңғайына қарай жалқаяқ бірде азайып, бірде көбейіп отырады. Ол жыныс мүшесінің айналасын, шап жағындағы теріні түршіктіреді. Терінің түсі қызарып, іседі, қышиды. Емделмеген жағдайда ол жазылмайтын жараға айналады.

Дер кезінде емделсе, трихомониаз ауруынан құлантаза айығуға болады. Сондықтан, секем алған жағдайда, дереу шипагерге көрінген жөн.

Сыртқы сілтемелер