Триангуляция

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:L-Triangulierung.png
Триангуляциялық тор

Триангуляция(лат. traіngulum – үшбұрыш) — геодезиялық тірек пункттер (нүктелер) торын құру әдістерінің бірі және осы әдістермен жасалған сол тордың өзі. Ол бір-бірімен жалғасып жатқан үшбұрыштар жүйесінен немесе тордан құралады. Триангуляцияда берілген координаттар жүйесінде үшбұрыштар төбелерінің орны анықталады. Ол үшін бастапқы үшбұрыштың қабырғасының біреуі жүргізілген өлшеулер нәтижесі бойынша есептеледі және әрбір үшбұрыштың үш бұрышы өлшенеді. Егер бастапқы үшбұрыштың қабырғасы тікелей өлшеулер арқылы анықталса, онда ол базистік қабырға деп аталады. Триангуляция тәсілі Жер пішіні мен мөлшерін анықтау, жер қыртысының горизонталь қозғалыстарын зерттеу; әр түрлі топографиялық түсірулер мен геодезиялық жұмыстарды негіздеу, т.б. үшін кеңінен қолданылады<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Сілтеме

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Триангуляция|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}