Трансықпал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тексерілмеген мақала Трансықпал - кешенді қосылыстардың реакцияласу қабілеті бағынатын маңызды заңдылық. Бұл заңдылықты И.И.Черняев ашты. Ол транс жағдайда орналасқан әр түрлі лигандтар бір біріне ықпал ететіндігін анықтады және де бұған сәйкес сол лигандтар орынбасу реакциясына түсуге үлкен немесе кіші дәрежеде қабілеттілік көрсетеді.Трансықпал квадраттық немесе октаэдрлық құрылымдағы біртекті емес кешендер үшін жалпы заңдылық.

Трансықпалдың поляризациялануы

Трансықпалдың поляризациялық теориясына сәйкес кешентүзуші лигандтар полярлайды да, олар да индукцияланғаан дипольді туындатады. Кешеннің ядросы бірдей лигандтармен қоршалғанда ол симметриялық өрісте болады, барлық индукцияланған дипльдер бірін бірі теңестіреді, сөндіреді. Лигандыны жеңілдеу полярланатын топқа алмастырғанда кешентүзуші айналасындағы симметрия өрісі бұзылады және онда теңдестірілмейтін диполь индукцияланады. Міне осылайша, кешентүзушімен барынша әлсіз байланыс болатын лиганд үлкен реакциялық қабілетке ие екендігін трансықпалдың поляризациялық үлгісі, моделі түсіндіреді. Бірақ та бұл жағдай кейде орындала бермейді.

Дереккөздер

<ref>Жалпы химия, I том, Алматы-2003 жыл, С.Ж.Пірәлиев, Б.М.Бутин, Г.М.Байназарова, С.Ж.Жайлау</ref>