Трансгрессивті астасу
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Трансгрессивті астасу - теңіз немесе көл түбінде түзілген шөгінді жыныстардың беткі өңірі шайылып кеткен құрлыққа тән жыныстарды көмкере астасуы; мұндай астасу пішіні теңіз (көл) суының құрлық бетін басып кеткендігін (трансгрессиясын) көрсетеді.<ref> Геология терминдерінің сөздігі. Н. Сенатов, А. Абдулин.— Алматы: Қазақстан, 1996,ISBN 5-615-01738-4</ref>
Трансгрессивті астасқан шөгінділер қимасында жағалауларда қалыптасқан ірі кесекті жыныстар төменнен жоғары қарай терең сулы алаптарда түзілген ұсақ түйіршікті шөгінділермен алмасады.
Дереккөздер
<references/>