Трагедияның тууы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Трагедияның тууы - неміс философы Фридрих Ницшенің тұңғыш философиялық шығармасы. Аталған кітап 1872 жылы [Фридрих Ницше] «Трагедияның тууы: музика рухының қайнары» (Die Geburt der Tragödie aus dem Geiste der Musik)тақырыбы бойынша баспадан шықты. Кейін,1886 жылы Ф.Ницше тақырыпты: «Трагедияның тууы: грек мәдениеті және пессимизм» (Die Geburt der Tragödie, Oder: Griechentum und Pessimismus) деп өзгертіп, қайта жариялады. 2-ші реткі басылымында автор "Өзін сынау сынағы" деген кіріспе сөз қосып, бұл алғашқы шығармасына баға берді.

Әрине, бұл шығарма Артур Шопенгауэрдің Тіршілік еркі идеясын негіз етіп жазылғаны бірден байқалады. Сондай-ақ жас Ницшенің алыпұшқан жастық сезімінің де куәсі секілді. Дегенмен аталған кітапта автордың жеке жасампаздығы деуге болатын, мән-мағынасы терең, мәдениеттану мен филсофияда айтарлықтай маңызға ие мазмұндар қамтылған және оның кейінгі идеяларының тамыры осы алғашқы шығармасында қым-қиғаш көрініс тапқан.

Сурет:Friedrich Nietzsche 1872.jpg
"Трагедияның тууы"1872

«Трагедияның тууының» негізгі бағыты, кейін оның шығармаларында тіпті де айқын, тіпті де күрделі мағынада үздіксіз талап етілген өзекті көзқарас: "адам өмірін пәк сұлулық көзімен бағалау" болды.Эстетикалық құндылық аталған кітапта дәріптелген бірден бір құндылық болды, "ойжототаға құрылмаған, этикаға бағынбайтын көркемөнер құдайы "осы кітап мойындайтын бірден бір Құдай" делінген. Ол сондай-ақ эстетикалық баға өмірдің діни, этикалық және ғылыми бағаларына түбегейлі қарсы екенін ашық ортаға қойды. «Трагедияның тууы» кейін ортаға қойған "барлық құндылық атаулыға қайта баға беру" ұранының алғашқы беташары болды, "қайта бағалау" идеясы осы кітаптағы эстетикалық құндылық идеясына сіңірілген. Аталған кітапта, "бүгін біз өркениет, тәрбие, мәдениет деп жүргеніміз қасиетті де әділетті Шарап құдайы - Дионистің алдына барып жүгінеді" делінеді. Кейін "біздің дініміз, этикамыз, философиямыз бар болғаны адам азғындауының бір түрлі формасы ғана. Оған қарсы күресті тек өнерден ғана байқайсың" дейді. демек, Қайта бағалау өлшемі кең мәнде өнерді, әсіресе эстетикалық құндылық өлшемі арқылы этикалық құндылық өлшемі мен пайдакүнемдік құндылық өлшеміне қарсы тұру болмақ

Еуропа ағартушыларының антикалық мәдениетті құрметті, саф, келісті, асқақ деп түсіндірсе, Ф.Ницше аталған кітабында антикалық мәдениетте екі түрлі рухани беталыс өзара үстемдікке таласумен болған деп есептейді. Олар Аполлондық (күн құдайы) рухы және Дионистік (шарап құдайы) рух. Аполлондық рухқа даралық ұстанымы (principium individuationis) тән және ол келісті, салқын, сымбатқа мән береді, өзі мен қарапайым өмірді ажыратуға құмар, байсалды ақыл мен логикалық пайымдауға жүгінеді. Ал, Дионистік рух дегеніміз шарапқұмар мастық, ақылға жат келетін иррационализм, адамгершілікке мән бермеу, өміршеңдік талпынысы, шабытты шығармашылық, трагедиялы романтизм. Ницше мұнда А.Шопенгауэр ықпалымен «бейақылдық қасиеттер адамзаттың жасампаздық шығармашылық қасиетінің ең негізгі қозғаушы күші» деп есептеген.

Ф.Ницше аталған шығармада Сократтан кейін Аполлон рухы батыс мәдениетін жеке дара билеп төстеді, қатаң ақылдық логика астында барлық нәрсе сіресіп қатып қалды деп назаланады. Ал, Рихард Вагнер бастаған неміс романтизмі Дионистік рухты қайта тірілтуге бастама болды, ол Еуропа мәдениетін үздіксіз күйреуден құтқарады деп сенім білдірді.

Ф.Ницшенің аталған кітаптағы ойы бойынша, Дионис рухы түс құрастыру секілді табиғи аңсардың жемісі, ол дүниені астарлы мағынаға бай бейнелеу өнерінің түс тақілетті елесі күйіне ұйытып, көруге, сезуге болатын нақты образ кешенін жасайды. Ол архитектура, сурет, құрылыс өнерлерінің сұлулығын қалыптастырған бірегей рух. Тіпті халықтық жыр-дастандардың (батырлық, ғашықтық) бойында да Дионис рухы көрініс табады. Дионис рухы өзінің биологиялық қарсы жағасы - маскүнемдікке талпынады, ол болмыстың терең үрейінен басталып адам жанын баурап алады және адамды көңіл күйдің шырқау шегіне жеткізеді. Ондайда субъект бұлдырап, адам санасы мұң мен шаттық астасып, өзін мүлде ұмытқан түс секілді ғажайып шекке жетіп барады. Бұл табиғи аңсар Шарап құдайы Диноистік лирикаға толы музика өнерінде ерекше байқалады.

Дионистік шабыт күйі адамның символдау, қиялдау қуатының шарықтатып, өзінің толық азаттық алуына қол жеткізеді. Бұл шабыт салтанатты, лайықты болуды, шектен шықпауды, ақылға бағынуды дәріптейтін Аполлондық күн Құдайы рухымен келіспейді. Шабыт күйіне мас болу адамның рухани әлемі пердемен қымталған маскүнемдік әлеміне еніп, сонда сайран салу, сондағыны тіке сезіну, соны ақтару.

Ф.Ницше ежелгі гректердің өнері мен өмірінің соншылық керемет туындыларды өмірге әкелуінің құпиясы - Дионистік шараб рухының әсерінен деп түсінген, ал Аполлон рух соның бір өткінші күйі ғана екенін сипаттады. Тек шарап құдайы рухы бұлқынған, Дионистік иррационалды сезім кернеген адам және мәдениет қана мәңгілік құндылық жаратуға толымды бола алады. Заманның азғындауы мен кері кетуі дәл осы Шарап Құдайы рухының өлімсіреуі, бәрін Күн Құдайының басып жаншуы, тұншықтыруы, тежеп, шектеп ұстауы салдарынан.

Бұл шығарма алғаш жарияланған кезде Wilamowitz-Moellendorff секілді кісілердің қатал сынына іліккен. 1886 жылы Ницшенің өзі бұл шығарма туралы былай дейді: «Адам төзгісіз бір кітап... Нашар жазылған, ауыр, адамды жайсыздандырады, жындандырады."

Қосымша:

Фридрих Ницше