Тоқты қорықшасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тексерілмеген мақала Тоқты мемлекеттік қорықшасы - 10 жылға арналып 1982 жылы құрылған. Облыстық мәні бар. Талдықорған қаласы, Алакөл ауданындағы мемлекеттк жер қорының 187 мың га-сын алып жатыр. Қорықша негізінен Көксу өңірінің аңғары қақ бөлген Жоңғар Алатауы сілемдерінен тұрады. Мұнда жусан, жабайы гие, итмұрын, үшқат, зерек жиі кезедседі. Қаулап өскен тау шалғыны, теңіз деңгейінен 100 м тереңдікте жатып, 2500 м биіктіктегі Тянь-Шань шыршасы мен сібір май қарағайымен ұласқан. Осы арадағы шатқалда көктерек пен тал аралас ормандар болды. Субальпі және альпі белдеулерінде алуан түрлі шөп өсетінді. Қорықшада Қызыл кітапқа енгізілген арқар, қарақұйрық, қоңыр аю, барыс, ұлар, қылқұйрық, дуадақ сияқты аң құстармен қатар марал, елік, таутеке, жабайы шошқа, сусар, күзен, ақ тышқан, шіл, құр, тұйғын, кекілік мекендейді. Қорықшада табиғат қорғауымен қатар, аң құс есепке алынып, күз бен қыста оларға қосымша жем беріледі, жыртқыш жануар лар жойылып отырады.

Дереккөздер

<ref>Қазақ ССР қысқаша энциклопедиялық-2 том-Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы-Алматы,1987-</ref>