Тоқтар Сәбитұлы Жанқылышбай

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы

Тоқтар Сәбитұлы Жанқылышбай 25 мамыр 1993 жыл<ref>https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/191632</ref>, Қарағанды, Қазақстан) — қазақ футболшысы, "Қызылжар" клубының шабуылшысы.

Карьерасы

Клубтық

Қарағанды футболының түлегі. Қарағандылық клубтағы тұңғыш ойынын 2011 жылы 21 мамыр күні (не-бары 17 жасында) "Қайратқа" қарсы өткізді. 88-минутта алаңға шықты да, 90-минутта дебют голын соғып та үлгерді.

Кейін Тоқтар Қазақстанның бірнеше клубтарында доп тепті. 2015 жылы "Астанаға" шақырылғанымен, бес кездесуде алаңға шықты да, "Қайратқа" жалға берілді. Жыл соңында Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

"Қайратта" да тұрақтай алмай (2015 жылы 2 рет қана чемпионат ойындарында алаңға шықты) 2016 жылы "Ақтөбеге" ауысты. Бірақ маусым ортасында "Жетісуға" өтті. 2017 жылы да мaусым ортасында клуб ауыстыруға тура келді: "Тобылдан" "Қайсарға" ауысты.

Ұлттық құрама

Қазақстанның 19, 21 жасқа дейінгі құрамаларында ойнады.

2015 жылы наурызда Юрий Красножан Ресеймен жолдастық кездесуде ойынға қосты. Бірақ содан кейін Тоқтарды ешкім құрамаға шақырған жоқ.

Жетістіктері

Командалық

«Шахтёр»

  • Қазақстан чемпионы (1): 2011
  • Қазақстан кубогы (1): 2013
  • Қазақстан суперкубогы (1): 2013

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

<references />