Тоқтарбек Қызықбай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тоқтарбек Қызықбай - (1940-2005)2 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында дүниеге келген. 1958 жылы осындағы қазақ орта мектебін бітірген соң еңбек жолын аудандық «Совет туы» (қазіргі «Достық») газетінде бастады. 1962 жылы облыстық «Коммунизм туы» газетіне шақырылып, әдеби қызметкерден бас редактордың бірінші орынбасарына дейінгі жолдан өтті. 1975 жылы республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің аппаратына шақырылып, бес жыл бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. Бұдан соң он жыл «Қазақстан коммунисі» (қазіргі «Ақиқат») журналының бөлім меңгерушісі болды. 1994 — 1998 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің аға референті, консультант болып жұмыс істеді. Кейінгі жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде мемлекеттік тіл жөніндегі бас маман қызметтерін атқарған.


Республика баспаларынан әр жылдары жарық көрген «Қыр гүлдері», «Алтай әуендері», «Темір тізгін», «Парыз», «Арайлы шақ», «Жүрек оты», «Жусан иісі», «Жылдар жаңғырығы», «Сәуір лебі», «Көңіл қоңырауы», «Зайсан», «Өмір — сапар» жыр жинақтары-ның авторы.

«Құрмет Белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері. <ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}