Тоқболат Төлепбайұлы Тоғысбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тоқболат Төлепбайұлы Тоғысбаев - (5.10.1940, қазіргі Шымкент облысы Төле би ауданы Оңтүстік а. - 11.8.1996, Алматы) - кескіндемеші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1989). 1965 ж. Алматы көркемсурет училищесін (қазіргі Алматы сәндік қолданбалы өнер колледжін) бітірді. Тоқболат туған ел табиғатын бейнелеуде өзінің қайталанбас қолтаңбасын айқын аңғартты; заман мен адамды асқақ жырлаумен ұлттык бейнелеу өнері тарихында терең із қалдырды. Тоқболат қылқаламынан туған туындылары Республикалық, Бүкілодақтық және Халықар көрмелерінде қойылды, "Гүлмен қыз" (1965), "Дала әуені" (1966), "Соғыс триптихы" (1968), "Дала балладасы" (1972), Құрылысшылар сөзі", "Әншіл таулар" (1973), "Жас дәурен" (1975), "Ақын М.Шахановтың портреті" (1977), "Аспанда" (1978), "Жаңғырған дала" (1982 - 1986), "Жұмыстан кейін", "Әңгіме" (1984), "Ойын-сауық", "Думанды күндер" (1987) атты кескіндемелік шығармалары айшықтыда арайлы әсемдігімен ерекшеленді. 1997 ж. кескіндемешінің туған ауданындағы орта мектепке (бұрынғы Блинков атындағы мектепке) оның есімі берілді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}