Тоғыстыру әдісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тоғыстыру әдісі. Сандық тұрғыдан мүлдем жеткіліксіз бұрғылау ұңғымалары көмегімен ғана аршылған жер қойнауларының терең деңгейлерінде орналасқан қойнауқаттың құрылымдық картасын жасақтау әдісі. Бұл әдіс зерттелмек қойнауқаттан жоғарырақ орналасқан және біршама жақсы зерттелген танымал қойнауқаттың беткі жазықтығының пішіні жайлы деректерді пайдалана отырып, төмендегі мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызады: танымал қойнауқаттың кұрылымдық картасын дайындау; осы картаның бетінде терең және саяз ұңғымалардан алынған деректер көмегімен анықталған изохоралар картасын түсіру; аталған екі картадағы изосызықтардың тоғысу нүктелеріндегі терең орналасқан қойнауқат жазықтығының нақты белгілерін анықтау; зерттелген қойнауқаттың құрылымдық картасын жасақтау.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}