Тоғжан Қуанғалиқызы Айтжанова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Тоғжан Қуанғалиқызы Айтжанова – техника ғылымдарының докторы (2007), доцент (2004), профессор (2007).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1959 жылы 25 ақпанда Алматы қаласында туған.

Алматы сəулет жəне құрылыс институтын (1981, қазіргі Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы) бітірген.
Қызылорда облысында аудандық сəулетші (1981-83), "Қызылорда азаматтық жоба" Бас жобалау институтында инженер (1984-89), Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институты (қазіргі М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті бөлімшесінде ассистент (1989-95), Алматы автожол институтында ассистент (1995-2004, қазіргі ALT Университеті) кафедра меңгерушісі (2004-07), 2007 жылдан профессор.

Ғылыми бағыты

"Технология силикатных материалов на основе нефтебитуминозных пород и продуктов их переработки" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref><ref>Диссертации.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер