Тофалар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ТофаларРесей Федерациясындағы Иркутск облысының Нижнеудинск ауданын мекендейтін түркі тілдес халық. Тофалар өздерін тупалар деп атап келген. Қазан төңкерісіне дейінгі орыс жазба деректерінде карагас (қарақаз) деген атпен мәлім болған Тофалардың саны – бір мыңдай ғана адам. Оның 40%-ы тофа тілін ана тілім деп таныған (2002). Шығу төркіні, тілі мен ұлттық салт-дәстүрі, мәдениеті жағынан Тофалар тува – төджиндерге жақын. Антропологиялық жағынан Тофалар моңғолоид нәсілінің солтүстік-шығыс тармағына жатады.

Тофалар ну орманды тайгада көшіп-қонып, аңшылықты кәсіп еткен. Олар сондай-ақ бұғы өсірді. Бұғының еті – азық, сүті – сусын, өзі – көлік болды. Мекен-жайы чум деп аталатын сырықпен түйістіре құрастырып, бұғы не аң терісімен жауып тұрғызатын конус пошымды жаппа. Тофалардың төсек-орны мен киім-кешектері негізінен теріден жасалады. Т. 18 – 19 ғ-ларда Ресей өкіметі тарапынан зорлап шоқындырылған, православие дінін ұстанады. Дегенмен, Тофалардың бірқатары оған қосымша жергілікті наным-сенімді ұстанады. Тофалардың ауыз әдебиеті тыва фольклорымен сарындас. Тофалар тілінің әліпбиі мен жазуы 1989 ж. ғана қабылданды. Тофалар тіліндегі 9 дауысты дыбыс қысқа және созылыңқы түрінде дыбысталады. 30 дауыссыз дыбыс фонеманың да кейбір нұсқасы бар. Қосымша арнайы әріптеріне ө, ү, і, қ, ғ, ң, ї жатады. Лексикасында моңғол, орыс тілдерінің әсері мол. Орыс тілі кең тараған. Оқу-ағарту, іс қағаздары орыс тілінде жүргізіледі. Тофалар тілі тұрмыста ғана қолданылады. Тек 1990 жылдан Тофалар тілі бастауыш сыныпта қосымша пән ретінде оқытыла бастады.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}