Тотығу-тотықсыздану реакциясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тотығу-тотықсыздану реакциясыкондуктометрлік титрлеу практикасында сирек қолданылады. Бұл жағдайда кондуктометрлік титрлеу әдісінің мүмкіндігі шектеулі, өйткені тотығу-тотықсыздану реакциясы қышқылдык және негіздік ортада жүреді, сондықтан электр өткізгіштігінің шамасын анықтауға кедергі жасайды. Тотығу-тотықсыздану реакциялардын оте тез жүруі де әдістің кемшілігіне жатады. Реакция жылдамдыгын арттыруға мүмкіндік беретін температураның кетерілуі кондуктометрлік ұяшықтың температурасын тұрақтандыруды талап етеді. Әрине, бұл оңай шешілмейтін мәселе.

Осының барлығы эквиваленттік нүктені анықтауды қиындатады. Мысалы, арсенит ионын иод ерітіндісімен кондуктометрлік титрлеуді қарастыруға болады:

AsO33- +I2 + Н2O -> AsO43- + 2Н+ +21-

Ерітіндіге КНСО3 қосқанда бұл тепе-теңдік Н+ иондарын НСО, иондарымен байланыстырудан оңға ыгысады, өйткені сутек ионы бір валенгті гидрокарбонат анионымен әрекеттесіп, жоғарғы қозғалғыштығы бар (78,84) иодид ионының концентрациясы артады. Бұл электр өткізгіштігінің жоғарылауына келтіреді. Егер арсенитті иодтың спирттегі ерітіндісімен титрлесе, онда электр өткізгіштік э.н.-ге дейін-ақ (су ерітіндісінен гөрі бірден) өседі, ал э.н.-ден кейін өзгермейді. Бұл жағдайда иілу бұрышы сүйірлеу болады.<ref>Құлажанов Қ.С.Аналитикалық химия: II томдық оқулық . II - том. Оқулық. Алматы:«ЭВЕРО» баспаханасы, 2005. - 464 б. ISBN 9965-680-95-7</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Уики