Тотынама

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

“Тотынама” – хикаяттар жинағы. Үнді және Орталық Азия халықтарына ежелден мәлім. Әлемдік әдебиетте “Тотынаманың” 85 нұсқасы бар, оның 20-ға жуығы Ресей архивтерінде сақтаулы. “Тотынама” сюжеті қазақ арасына парсы әдебиеті арқылы еніп, кең тараған. Хикаяттың бір үлгісі 1892 ж. Қазан қаласында татар тілінде жарық көрген. Көтерген тақырыбы – әйел мекерлігі, олардың түрлі қулық-сұмдықтары туралы оқиғалар.

“Тотынама” – циклдену процесінен өткен шығарма, сюжет тұтастығы екі тотының басты кейіпкері Хұжастені жеңіл мінезден сақтап қалу әрекеті негізінде көрініс тапқан. “Тотынамада” бірде 52, бірде 70 түннен тұратын хикаяттар баяндалады. Оның халықтық және авторлық нұсқалары бар. Хикаяттың санскрит тіліндегі “Шукасаптати” деп аталатын үлгісін В.И. Кальянова (1960), “Тотынама” атты З.Нахшаби жасаған авторлық нұсқасын Е.Э. Бертельс (1979, 1982) орыс тіліне аударған. Орыс тіліндегі алғашқы нұсқа Ғ.Сармурзиннің тәржімалауымен 1970 ж. “Тотының тоқсан тарауы” деген атпен, соңғы үлгі Ә. және Т.Қоңыратбаевтардың аударуымен 1991, 2005 ж. “Тотынама” деген атаумен қазақ тілінде шыққан.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}